Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100 адамнан асты

None
БЕЙРУТ. ТАСС - ҚазАқпарат – Түркияда болған зілзала салдарынан Сирияда қаза тапқандар саны 100 адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ондаған адам Алеппо, Идлиб, Латакия мен Хама провинцияларында қираған ғимараттар үйінділерінің астында қалған. Қирандылар астынан шығарылған адамдар саны 400 адамға жетті. Құтқару жұмыстары нөсер жаңбырға қарамастан жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай,Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 7,4 магнитудасына дейін үш рет жер сілкінді. 7,4 балдық ең қуатты жерасты дүмпуі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де, 7 км тереңдікте болды. Содан кейін әртүрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жер сілкінген.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылып жатыр.Соңғы мәліметке сәйкес, қаза болғандар саны 76-ға жетті, 440 адам жарақат алды. Қираған ғимараттар саны - 140.
Соңғы жаңалықтар