Сирияда күйеуі қайтыс болған қазақстандық әйелдер көмек сұрап жүгінген жоқ - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияда күйеулері қайтыс болған қазақстандық әйелдер көмек сұрап жүгінген жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Сирияда күйеулері қайтыс болған Қазақстан азаматшалары балаларымен сол жақта қалып қойды» деген ақпараттан хабардармыз. Бұл мәселе бойынша бүгінгі күнге дейін Сыртқы істер министрлігінің атына олардың туыстарынан не болмаса өздерінен бірде-бір арыз, шағым келіп түскен жоқ. Сондықтан, бұл ақпаратты тиісінше құзіретті органдармен бірге тексеріп жатырмыз. Егер олар бізге жүгінетін болса, онда қай жерде болса да, әрбір Қазақстан азаматын міндетті түрде құтқаруға дайынбыз», - деді СІМ өкілі.  

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев әскери қақтығыстарда қайтыс болған қазақстандықтар аз еместігін, олардың балалары босқындар лагерінде қалғанын айтқан болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар