Сирияда коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді

None
None
ДАМАСК. ҚазАқпарат – Сирияда коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат SANA агенттігіне сілтеме жасап.

Сирияның денсаулық сақтау министрі Низар Язигидің айтуынша, коронавирус 20 жастағы қыздан анықталған.

Министр көпшілікті қауіпсіздік шараларын сақтауға және үйден шықпауға үндеді.


Соңғы жаңалықтар