Сирияда автомобиль жарылысынан 10 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Сирияның шекара маңындағы Тель-Абьяд қаласында автомобиль жарылысы салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, жиырмасы зардап шекті. Бұл туралы Al Arabiya хабарлады.

Телеарнаның дерегінше, барлық зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған.

Өз кезегінде Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі бұл жарылыстан үш адамның мерт болғанын және жиырмасының зардап шеккенін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар