Сирияда әскери ұшақ тұрғын үй алабына құлап, 20 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның солтүстік батысындағы Эриха қаласында тұрғын үй алабына сириялық әскери ұшақ құлап, салдарынан 20 шақты адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-би-си.

Ондаған адам жарақат алды.

Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, құлаған Миг-23 жойғыш ұшағы.

Идлибқа жақын орналасқан Эриха қаласы сириялық әскердің тірек пункттерінің бірі болған. Алайда мамырда оппозиция мен исламшылар бақылауына өткен.

Соңғы жаңалықтар