Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 18-халықаралық кездесу 2022 жылы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана процесі аясында Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 18-халықаралық кездесу 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында аталған кездесудің кезекті отырысын қорытындылаған ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Оңталап Оңалбаев жария етті.

«Тараптар 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласында Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 18-халықаралық кездесуді өткізуге уағдаласты», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Оңталап Оңалбаев орайы келген сәтте Астана форматында Түркия, Иран және Ресейдің, яғни кепілгер елдер министрлерінің үшжақты кездесуі Иран Ислам Республикасында ұйымдастырылатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар