Сирия оппозициясы Астана процесінің тек елордада жалғасқанын қалайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия оппозиция Астана процесінің 10-шы раундын Ресейдің Сочи қаласында өткізуге наразылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келіссөз өткізілетін жалғыз орын Астана ғана болғанын қалаймыз. Біз басқа жерге бармаймыз», - деді Астана процесінің 9-раундының қорытындысынан кейін сириялық оппозиция делегациясының басшысы Ахмед Тома.

Айта кетейік, кеше басталған Астана процесінің 9-раунды бүгін өз жұмысын аяқтады. Қорытындысында Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі халықаралық кездесудің кепілгер елдері - Иран, Түркия және Ресей бірлескен мәлімдеме қабылдады. Аталған құжатта Астана процесі бойынша келесі жоғары деңгейдегі кездесу Сочи қаласында өткізілетіндігі айтылған.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақстандық билікке Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі 9-халықаралық кездесуді Астанада өткізгендігі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі келесі халықаралық кездесуді 2018 жылдың шілдесінде Сочиде өткіземіз деп шештік», - делінген кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесінде.


Фото: www.alrasheedmedia.com

Соңғы жаңалықтар