+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 14-раунды аяқталды

2019 жылғы 11 желтоқсан 15:45
Бөлісіңіз:
Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 14-раунды аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 14-раунды аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үздіксіз қолдауымен жүзеге асырылып келе жатқан Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 14-раунды аяқталды. Соңғы 2 күн ішінде келіссөзге қатысушылар Сириядағы жағдайды одан ары тұрақтандыруға және ондағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған аса маңызды әрі мазмұнды келіссөздер өткізді», - деді келіссөздердің кезекті раундын қорытындылаған ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев.

Оның атап өтуінше, келіссөздердің бұл жолғы раунды Астана процесінің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, көптеген өзекті мәселелерде нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

«Бүгінгі келіссөздердің барлық тараптары осынау нәтижеге үлес қосты», - деп атап өтті ол.

Осыдан кейін Шахрат Нұрышев кепілгер елдер Иран, Ресей, Түркияның бірлескен мәлімдемесін жария етті. Бірлескен мәлімдеме 14 тармақтан тұрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT