+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Сирия бойынша Астана процесінің келесі раунды ақпанда өтуі мүмкін - ҚР СІМ

2018 жылғы 6 ақпан 10:57
Бөлісіңіз:
Сирия бойынша Астана процесінің келесі раунды ақпанда өтуі мүмкін - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесінің келесі раундын ақпан айының 20-на таяу өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Астана процесінің кепілгер-мемлекеттерінің өкілдері беріп отырған ақпаратқа сәйкес, тараптар Астанада келіссөздердің кезекті раундын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол шамамен ақпан айының жиырмасына қарай өтуі мүмкін. Бірақ, бұл ақпарат кепілгер-мемлекеттер тарапынан нақты растауды қажет етеді», - деп атап өтті министр бүгінгі Үкімет отырысынан тыс тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Астана процесінің кезекті отырысы 2017 жылдың 21-22 желтоқсанында өткен болатын.

Кездесудің қорытындысына орай Иран, Ресей және Түркия бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта бұл жолы да Сириядағы терроризммен күрестегі жетістіктер аталып, ДАИШ-қа қарсы күрес және аталған лаңкестік ұйымдардан ел аумағын тазартудағы жетістіктер айтылған. Сонымен қатар кепілгер үш ел террористік ұйымдардың тамырына түбегейлі балта шабу және олардың өзге де елдер мен аумақтарға қоныс аударуына жол бермеудегі түбегейлі шешімдерін растап отыр.

Сонымен қатар құжатта Сирияның барлық қоғам өкілдерінің қатысуымен 2018 жылдың 29-30 қаңтары аралығында Сочиде өтетін Сириялық ұлттық диалог конгресіне дайындық және оны өткізу барысындағы тығыз өзара іс-қимыл аталып өткен. Иран, Ресей және Түркия Сирияның Үкімет және оппозиция өкілдерін белсенді ынтымақтастыққа шақырады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT