Сирия бойынша 20-халықаралық кездесу келесі жылы өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сирия келіссөзі бойынша Астана процесінің жиырмасыншы халықаралық кездесуі 2023 жылы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай шешім елордада бүгін өткен Астана процесінің 19-халықаралық келіссөзі барысында қабылданып, кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесінде тіркелді.

Бірлескен мәлімдемені ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов жария етті

«Тараптар 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Астанада Сирия бойынша 20-халықаралық кездесу өткізуге уағдаласты. Сондай-ақ олар 2022 жылғы 19 шілдедегі үшжақты саммиттің қорытынды мәлімдемесінде бекітілген Ресей Федерациясында келесі жоғары деңгейдегі кездесуді ұйымдастыру туралы келісімді атап өтті», - делінген Әділ Тұрсынов жариялаған бірлескен мәлімдемеде.


Соңғы жаңалықтар