Сирек кездесетін жазбалар туралы тараған ақпарат жалған – Орталық кітапхана

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы әлеуметтік желідегі қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының директоры сирек жазбаларды, кітаптарды, артефактілерді, петроглифтерді тағы басқа ұлттық құндылықтарды саудалап жатыр деген ақпарат тараған.

Бұл ақпаратқа қатысты «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы пікір білдірді.

«Желіде Ғылым ордасының Орталық ғылыми кітапханасы туралы жалған ақпарат таралуда. Бұл еш бір дәлелсіз, негізсіз таралып жатқан жалған ақпарат. Кітапхана қорында сақталған кітаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алынып, тиісті талаптарға сай сақталуда» - деді мекеме өкілдері facebook-тегі парақшасында.

Сирек кездесетін кітпатар мен қолжазбалар бөлімі 1959 жылы ашылған.

«Қазір қорда 300 бірліктен аса мұра сақтаулы. Бұл мұраларды ғылыми айналымға енгізу үшін цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Енді оларды көшіріп, жүктеп алудың қажеттілігі болмайды. Сирек қордағы жазбалар ерекше күзетте тұр. Ғалымдарға тек оқу залының шеңберінде қатынас хат арқылы ғана беріледі. Қорда, оқу залдарында бейнекамералар орнатылған», - деді «Ғылым ордасы» РМК өкілдері.

Аталған кітапхана өзінің абыройын қорғау мақсатында құқық қорғау органдарына жүгінбек.




Соңғы жаңалықтар