Сирек кездесетін көлік нөмірі аукционда 44 мың долларға сатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Англияда жүргізушілер мен көлік құралдарына лицензия беретін агенттік (DVLA) аукционында сирек кездесетін «37 0» автомобиль нөмірі бұрынғы бағасынан екі есе қымбатқа (44,5 мың $) сатылды. Бұл жайлы сейсенбі күні Daily Express басылымы жариялады.

Агенттік жыл сайын автомобиль нөмірлерін сату бойынша шамамен алты рет аукцион өткізеді, ал бағалары £130-дан басталады. Оған интернет немесе телефонның көмегімен барлық адам қатыса алады. Әзірге бес жыл бұрын 676 мың долларға сатылған «25 0» нөмірі ең қымбат нөмір саналады.

DVLA мәліметіне сүйенсек, тұрақты лицензиялық аукциондар көптеген тілек білдірушілерді өзіне тартады. 1990 жылдан бастап олар мемлекеттік бюджетке бірнеше миллиард фунт табыс әкелген.

Соңғы жаңалықтар