Сирек кездесетін дертке шалдыққан балаларға «Қазақстан халқына» қоры арқылы көмектесу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі өте сирек кездесетін (орфандық) дертке шалдыққан балаларға «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен көмек көрсетуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеу институты социологиялық зерттеу бөлімінің бас сарапшысы Дарина Даненованың мәліметінше, осындай ауруға шалдыққан бір баланы емдеу курсы бірнеше жүздеген мың АҚШ долларын құрап отыр.

Бұл - қарапайым қазақстандық отбасының қалтасы көтермейтін қаражат.

«Әлемдегі бір де бір ел жоғары шығындарды есепке ала отырып, барлық орфандық ауруларды толық қаржыландырмайды», - деп баяндады ол агенттік тілшісіне.

Сарапшының пікірінше, балаларға құру идеясын Қазақстан Президенті ұсынған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын арқылы көмек беруге болады.

«Мемлекет басшысының қор құру туралы осы тапсырмасына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі орфандық ауруларға шалдыққан балаларды емдеуге «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры есебінен дәрі-дәрмек тізбесі және жетім балаларды емдеуге арналған шығындар есебі бойынша ұсыныстар енгізетін болады», - деп қосып өтті Д.Даненова.


Соңғы жаңалықтар