Синтетикалық маска тағу пневмонияның өршуіне себепші болуы мүмкін бе - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жоғары санатты пульмонолог, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова синтетикалық маска тағу пневмонияны өршітетін-өршітпейтіні туралы пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, масканың жарамдылық мерзімі болады және бактериялар матаның өзінде жиналып қалуы мүмкін болғандықтан оны ауыстырып отыру ұсынылады», - дейді казала Наталья Латыпова.

Оның айтуынша, әр масканы 2 сағаттан бір тәулікке дейін тағуға болады.

«Ол масканың қандай материалдан жасалғанына байланысты. Бірақ маска пневмонияны өршітіп жіберуі мүмкін деп айту қиын, тіпті мүмкін емес деп ойлаймын. Маска тағу коронавирустың өршуіне себепші болатын жетекші әрі басты себеп болуы мүмкін емес», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар