+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Синтетикалық есірткілердің интернет арқылы таратылғаны үшін жауапкершілік күшейді

2021 жылғы 6 қыркүйек 11:55
Бөлісіңіз:
Синтетикалық есірткілердің интернет арқылы таратылғаны үшін жауапкершілік күшейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синтетикалық есірткілердің заңсыз жарнамасы мен интернет арқылы таратылғаны үшін жауапкершілік күшейтілді.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда есірткі дайындап сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді Риддерде 70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен бейнеконференцбайланыс режимінде жедел кеңес өткізді, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын сапалы және уақтылы іске асыру үшін бірқатар міндеттерді белгіледі.

«Жолдауда есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына байланысты болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төнгені аталды. Сондықтан синтетикалық есірткілерді бақылауға енгізу тетігі жеңілдетілді, олардың заңсыз жарнамасы мен интернет арқылы таратылғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. «Электрондық әмияндарды» анонимді пайдаланушылар арасында ақша аударуға тыйым салатын түзетулер енгізілді. Сонымен қатар, министр есірткінің таралуына, әсіресе жастар арасында таралуына күшті тосқауыл қою үшін министрлікті басқа органдармен тығыз жұмыс істеп, олардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатаңдату қажеттігін атап өтті», - Н. Ораз.

Оның сөзіне қарағанда, кеңесте қызметтер мен бөлімшелер басшыларының азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін іске асыру үшін құқық саласындағы процестерді автоматтандырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында құқық қорғау органдарына есірткінің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT