Синтетикалық есірткі қауіп төндіріп тұр – ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте республика аумағында 3 378 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада 3 378 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде 2 199 қылмыс ашылды. Ұрлық фактілері әдеттегідей қылмыстың басым үлесін құрайды. Өткен аптада 1 274 ұрлық тіркелді. Оның 530 ізі суымай ашылды», - деді министрліктің Facebook парақшасында өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар, ресми өкіл өткен аптада есірткі саудасына қатысты 164 қылмыстың тіркелгендігін айтты.

«Бұл статистикада синтетикалық есірткінің таралуын проблемасын айрықша атап өткен жөн. Бүгінгі брифинг аяқталғаннан кейін «Қауіпті. Синтетика» деп аталатын фильм көрсетілетін болады. Үш жылдың ішінде ол героинді ығыстырып шығарды. Бұған қоса, әлі күнге дейін синтетикалық есірткіге тәуелділерді есепке алу жүргізілмей келеді», - деді Нұрділдә Ораз.


Соңғы жаңалықтар