Синоптиктердің 6 мамыр күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батысында жауын-шашын болады. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат »Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде, жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде 25 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мумкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ түсуі ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар