Синоптиктердің 30 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысында ғана кей жерлерде жаңбыр күтіледі. Жекелеген өңірлерде жел, батыста және орталықта тұман мен найзағай болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысынының  басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с артады.

Қостанай облысының басым бөлігінде, сондай-ақ Ақмола, Жамбыл, түнде Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с артады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай болжанады.

Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы. Атырау, Ақтөбе,  Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар