Синоптиктердің 27 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 желтоқсан күні еліміздің батыс және оңтүстік-шығыс облыстарында құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын жауып, батыста түнде қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің күші 15-22 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын болжанады.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Ақтөбе облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын соғады.

Алматы, Түркістан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Түркістан, Қостанай облыстарының жекелеген аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз болуы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар