Синоптиктердің 22 қазан күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қазан күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың тек солтүстігінде циклонның өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болып, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жекелеген аумақтарда жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-дан мәлім еткендей, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын жүреді.

Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар