Синоптиктердің 17 маусым күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 17 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, дауыл мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.  

Ақтөбе облысының жекелеген жерлерінде найзағай болады, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с артады.

Күндіз Жамбыл облысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде сондай-ақ 15-20 м/с екпінде жел соғып, түнде найзағай болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.

Маңғыстау облысында басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар