Синоптиктердің 15 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қаңтар күні Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашынды құбылмалы күн райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және күшті жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сүйенсек, Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, Жарма ауданында 25 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл мен Түркістан облыстарында жел екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерін тұман басып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын қүтіледі, жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады.

Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар