Синоптиктердің 13 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қыркүйек күні антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, күшті жел болжанады. Жекелеген аумақтарда шаң аралас жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жел соғып, оның екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басып, желдің екпіні 15-23 м/с артады.

Қызылорда облысының  кей жерлерінде 15-20 м/с екпіндегі желге шаңды дауыл араласады.

Павлодар, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында 1-3 градус үсік күтілуде.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар