Синоптиктер Жамбыл облысында дауыл тұратындығын ескертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК  Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«9 желтоқсанда күндіз, 10 желтоқсан күні түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында күшті жауын-шашын болады. 8-10 желтоқсан күндері жел оңтүстік-батыстан және батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, 8 - 10 желтоқсан аралығында күндіз желдің екпіні 23-28 м/с-қа, 9 желтоқсанда, ал 10 желтоқсанда түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да артық болады», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, 9 желтоқсан күні тәулік бойы, 10 желтоқсанда түнде жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді, кей кездері 30 м/с-тан асады.

Дауыл соғу ықтималдығы - 90-95 %.

 

Соңғы жаңалықтар