Синоптиктер үш өңірде ескерту жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, 17 шілдеде күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 42 градусқа дейін ыстық болады.

17 шілде күні Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан 15-20 м/с екпінде жел соғып, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз жекелеген аумақтарда +40 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін.

17 шілде күні күндіз Қостанай облысында ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

 

Соңғы жаңалықтар