Синоптиктер солтүстікқазақстандықтарға қатты боран соғатынын хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 20 ақпанға ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел еседі.

«Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ТЖ туралы ескертеді және халықтың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды ұсынады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар