Синоптиктер Нұр-Сұлтанда және өзге 8 өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 28 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күндіз жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 23 м/с жетеді.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы жекелеген аумақтарда 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 23 м/с артады.

Айта кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында автожолдарда қозғалыс шектелді.


Соңғы жаңалықтар