+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Синоптиктер Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ескерту жариялады

2021 жылғы 25 қаңтар 20:01
Бөлісіңіз:
Синоптиктер Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысы шектелді Қазгидромет: Наурыздың 8-і күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, 26 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

26 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

26-27 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.

26 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

26 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Күндіз жекелеген аумақтарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с артуы ықтимал.

26 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

26 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

26 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Дана Телятникова Каз
Дана Телятникова Каз
954-059

MURAǴAT