Синоптиктер наурызда еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болатынын болжады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Наурызда еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурыз айының синоптикалық болжамына сәйкес ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде климаттық нормадан жоғары болады», - деді министр.

Оның айтуынша, қар жамылғысының аздығына қарамастан, алдағы күндерде еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтілуде. Ол өз кезегінде еріген қардың суымен қосылып, тасқынға алып келуі мүмкін.

«Қазгидромет наурыз айынан бастап апта сайын негізгі гидрологиялық болжамдарды ұсынады. Онымен қоса, су тасқыны қаупінің пайда болуы туралы алдын-ала 2-3 күн бұрын хабарлап отырмақ», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар