+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Синоптиктер қазанның 9-ы күнгі ауа райы болжамын жария етті

2019 жылғы 9 қазан 06:30
Бөлісіңіз:
Синоптиктер қазанның 9-ы күнгі ауа райы болжамын жария етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып.

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, 9 қазан күні еліміздің басым бөлігі жоғары қысымның ықпалында болады. Соған байланысты күн жауын-шашынсыз болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Батыс аймақтарда да жауын жаууы мүмкін.

Республиканың кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жыламдықпен соғады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT