Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы сенбі күнгі ауа сапасы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 13 қазан күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай жағымды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануы күтілмейді, соның әсерінен ауа сапасы қанағаттанарлықтай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал 

Соңғы жаңалықтар