Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 365.49 EUR 420.35
RUB 5.60 CNY 52.66
Jańalyqtar

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2018 жылғы 14 маусым 08:44 547
Бөлісіңіз:
Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 14 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында жайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорган, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында ауаны ластайтын қолайсыз метеожағдайлар күтілмейді.

Ал Астана, Атырау, Қарағандыда атмосферада ластаушы заттар жиналуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT