Синоптиктер Қазақстан аумағында алдағы үш тәулікте болатын ауа райы болжамын жария етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға ауысқан антициклон алдағы үш тәуліктегі, яғни 2019 жылдың 19-21 наурызындағы ауа райына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Республиканың көптеген облыстарында күн жауын-шашынсыз болады. Бірақ, түнде және таңертең бұрынғыша тұман түсіп, 500 метрлік жол ғана көрінуі мүмкін.

Тек қиыр батыс пен оңтүстіктегі аудандар атмосфералық ағындардың ықпалында болып, жауын-шашын болады. Оңтүстікте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ауа температурасы орташа көпжылдық көрсеткішке жақын, оңтүстікте одан 5...7°С-қа жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар