+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Синоптиктер қаңтардың 17-не арналған ауа райы болжамын жария етті

2020 жылғы 17 қаңтар 06:06
Бөлісіңіз:
Синоптиктер қаңтардың 17-не арналған ауа райы болжамын жария етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан Республикасының солтүстік жартысына әсер етеді.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада қалалық бірнеше автобус бағдары уақытша тоқтатылды Қазақстанның солтүстігінде қатты бұрқасын болады - Қазгидромет Еліміздің 23 учаскесінде тас жолдар жабылды

Соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, солтүстік-батыста және шығыста жауын-шашын мол көлемде жауады, кей өңірлерде қалың қар түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 17 қаңтар күні еліміздің оңтүстік жартысына жоғары қысым аймағы әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, екпінді жел соғады.

Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын, Павлодар облысының кей жерлерінде қатты бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 метр, кей жерлерінде 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, кей жерлерде көктайғақ болады, Қостанай облысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, кей жерлерінде 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 30 метрге жетеді, кей жерлерде одан да жоғары болуы ықтимал. Өңірдің бірқатар аумақтарында бұрқасын, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT