Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.33 EUR 424.68
RUB 5.92 CNY 56.17
Jańalyqtar

Синоптиктер 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті

2019 жылғы 11 қаңтар 06:30 495
Бөлісіңіз:
Синоптиктер 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтардың 11-і күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның бірнеше өңірінде нөсер жауады Қазгидромет: Сәуірдің 24-і күнгі ауа райы болжамы

Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, республиканың кей жерлерінде жауын-шашын болып, батыста ғана күн жауын-шашынсыз.

Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болып, тұман түсіп, жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 25 м/с болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түсуі ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысында жолдарда көктайғақ болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін деген болжам бар.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT