+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Синоптиктер қаңтардың 10-ы күнгі ауа райы болжамын жария етті

2019 жылғы 10 қаңтар 06:30
Бөлісіңіз:
Синоптиктер қаңтардың 10-ы күнгі ауа райы болжамын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтардың 10-ы күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Республиканың бірқатар аумақтарында жауын-шашын болып, кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болуы ықтимал, сондай-ақ жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT