Синоптиктер қаңтарда Алматыда ауа райы қандай болатынын айтып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда қаңтар айында қысқа мерзімге созылатын жылымық түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алайда метеорологтар аяздардың 1 аптадай сақталатынын болжап отыр.

«Сібір антициклонының ықпалы Қазақстанның көптеген облыстарында білінеді. Алматы мен Алматы облысында жақын арадағы 3 тәулікте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болмақ. Ауа температурасы түнде -12,-17 градусқа төмендесе, күндіз -3, -8 градус суық болады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады», - деді «Казгидромет» РМК-ның Алматы бойынша бөлімшесінің бас маманы Лариса Степанова. 

8 қаңтардан бастап аймақта ауа температурасы көтеріле бастайды.

Ауа температурасы түнде -5, -10 градус болса, күндіз  0, -5 градус шамасында сақталады.

Алматының ауа бассейнінің бірқатар факторларына байланысты қалада ауа райы +1, +2  болады.

Ал қысқы қатты аяздар қарсаңында солтүстік облыстарда түнде -25,-30 градус, күндіз - -20, 25 градус аяз болады. Ал оңтүстікте түнде аяз -17, -22 градусқа жетсе, күндіз -  10, 15 градус суық болады.

Соңғы жаңалықтар