Синоптиктер елордада және 5 өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 3 шілде күні ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ найзағай, бұршақ болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршак болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 25 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде 15-20 м/с артады.


Соңғы жаңалықтар