Синоптиктер елордада және 10 өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 19 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде екпіні 18 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде жел тұрады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде тұман күтіледі.

19-20 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады. Екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады. 19-21 желтоқсанда өңірдің солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

ТүндеҚарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.


Соңғы жаңалықтар