Синоптиктер еліміздің аймақтарында ауа райына байланысты ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірқатар облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 23 қаңтар күні сағат 21:00-ден бастап, 24 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде екпіні 23 метр болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Ақмола облысында мол көлемде қартүседі.Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде 23 м/с болады, күндіз бірқатар аумақтарда желдің ұйтқуы 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Көкшетау қаласында 24 қаңтар күні қар жауады,бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

24 қаңтардаТүркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23-28 метрге жетеді.

Шымкент қаласында 24 қаңтардаоңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан қаласында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

24-25 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 24 күндіз, 25 қаңтарда түнде жел 23-28 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Болжамның дәлдігі 95-100%.

24 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде мол көлемде қар жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы бірқатар аумақтарда секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 м/с.

Өскемен қаласында түнде бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Семейде түнде бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, өңірдің бірқатар аумақтарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Петропавлда қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.



Соңғы жаңалықтар