Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Синоптиктер екі облыста ескерту жариялады

2019 жылғы 14 ақпан 15:30 277
Бөлісіңіз:
Синоптиктер екі облыста ескерту жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына орай екі облыста ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 ақпан күні ШҚО-ның кейбір жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын болатыны күтіледі. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20 м/с,  күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді.

15-17 ақпан күні Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ сақталады. 

Еске салайық, синоптиктер күннің жылынуына байланысты Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласында да ескерту жариялаған болатын. Бұл өңірлерде 14-17 ақпан аралығында қардың еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, өзендерде мұз көбесінің сөгілуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Сондай-ақ 14 - 16 ақпан күндері Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы тұсында күндіз ауа температурасының көтерілуіне  орай мұздың жібуі, су деңгейлерінің көтерілуі болжанады.

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT