Синоптиктер болжамы: 13 қаңтарда Алматыда қалың қар жауады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазгидрометтің болжамы бойынша Алматыда түнде қар жауып, күндіз қалың қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты қала әкімдігі тұрғындарды жолда абай болуға шақырады.

«Коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы атқарулары үшін автокөлік жүргізушілерден қалада көлік қозғалысын барынша азайтуды, жеке көліктерін жол жиектеріне қоймауды, бұл іске түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қар тазалауға кедергі жасайтын көліктердің эвакуатормен басқа орындарға жіберілетінін ескертеміз» деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Содай-ақ, қалалық әкімдік көлікпен жүру өте қажет болған жағдайда жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және кенеттен маневр жасамауға, жол-көлік апатын болдырмауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар