+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

2020 жылғы 30 маусым 22:09
Бөлісіңіз:
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 1 шілдеге бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық болатыны ескертілді Алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болжанады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде оның күші 15-20 м/с артады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT