+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

2020 жылғы 7 сәуір 16:42
Бөлісіңіз:
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 7-8 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ директоры Қымбат Мерғалимованың айтуынша, циклон Салехард өңірінен (РФ) келген. Күн суытып, бүгін түнде ауа температурасы 0 мен - 8 градус аралығында болады. Жауынның соңы қарға ұласуы мүмкін. Облыстың Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев, Шал ақын, Жамбыл, Қызылжар аудандарында жауын-шашын қалыптан артық жауып, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетпек. Ал 10 сәуірден бастап күн жылына бастайды, бұл күні ауа температурасы +12 градусты көрсетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 8 сәуірде таңертең және күндіз -9 сәуірде тәулік ішінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді, оңтүстікте термометр +3 градусты көрсетеді.

8-9 сәуірде Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа төмендейді.

8-9 сәуірде түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 8 наурызда түнде екпіні 25 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді.

Шымкент қаласында 8 сәуірде тәулік бойы, 9 сәуірде түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-2 градус аязға дейін күрт төмендейді.

8 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Еске салайық, а уа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде автожолдар жабылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT