Синоптиктер Астана мен өзге 5 өңірде ескерту жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, 3-4 наурыз күндері Астана қаласында жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. 5-7 наурыз күндері елордада жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

5 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде 23 м/с жетеді.

Сондай-ақ 7 наурыз күні Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттары 23-28 м/с, 30 м/с артуы ықтимал. Жекелеген жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Сонымен қатар, 4 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында бұрқасын мен екпінді желге қатысты ескерту жарияланған болатын. Автожолдар жабылуда.

Соңғы жаңалықтар