Синоптиктер: Алматыда сәуірде жауған қар аймаққа тән құбылыс

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мамандары Алматыда сәуірде жауған қар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда сәуір айында жауған қарды қала тұрғындары табиғи құбылысқа балап жатса, мамандар мұндай ауа райы бұл аймаққа тән екенін айтты.

«Алматының гидрометеорологиялық стансасының көп жылдан бері жүргізіп келе жатқан бақылауларына сүйенсек, Алматыда кейде мамыр айының екінші онкүндігіне дейін де қар жамылып жатқан. Сәуір айының екінші онкүндігінде жауған қардың көлемі 8 см-ге дейін жеткен кездер болған. Ал, бүгін 2017 жылдың 6 сәуірі күні жауған қардың қалыңдығы 3 сантиметр. Жалпы сәуір айында бір тәулік ішінде жауған қардың биіктігі 21 см-ге дейін жеткен кезі болған», - деді климотология басқармасының басшысы Алтынай Жапбасбаева.

Синоптиктер негізінен тұрақты қар жамылғысы 8 наурызда сөгілетінін кейде, қыстың ұзаққа созылып, 12 сәуірге дейін жердің көбесі сөгілмеген кездер болған.

«Қар жамылғысы егер 30 күнге дейін ерімей жатса және станса маңындағы қар қалыңдығы 6 баллды (10 баллдық өлшем) құраса, онда тұрақты деп саналады. Сондықтан, әдетте қар жамылғысы 4 сәуірге дейін жатады деп санаса болады, кейде 15 мамырға дейін созылған кездері болған», - деді Алтынай Жапбасбаева.

Алматы метеостансасының мәліметтері бойынша 2017 жылдың 6 сәуірі күні қалада ауа температурасы 0,5° С болды. Тарихта 1883 жылы бұл күні -7,4 градусқа дейін күн суытқаны байқалған. Ал 1969 жылы +25 градусқа дейін күн ысыған. 

1 2 3 4 

Соңғы жаңалықтар