Синоптиктер: алдағы үш тәулікте боран соғып, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш тәулікте Қазақстанда қалың қар жауып, бұрқасын соғады, күшті батыс желі соғып, көктайғақ болады, деп «Қазгидромет» РМК 6-8 желтоқсанға ауа райы болжамын хабарлады.

Мұндай метеорологиялық құбылыстар Ресейдің еуропалық бөлігінен Батыс Сібірге қарай жылжыған циклондармен байланысты болады.

«Әсіресе, 200-500 метрге дейін көруді нашарлататын бұрқасын боран мен көктайғақ қауіпті. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына тағы да оңтүстік циклоны ықпал етеді. Яғни, жауын-шашын мен тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан 3-6ºС жоғары болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар