Синоптиктер: Алдағы үш күнде елімізде қар, жаңбыр жауып, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 5-7 наурыз күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Наурыз айының алғашқы демалыс күндері ауа температурасы Қазақстанның бүкіл аумағында климаттық нормадан 7...13°С, батыс өңірлерде 1...3°С жоғары болды. Республиканың батыс және қиыр солтүстігіндегі аудандарды қоспағанда, ең жоғары ауа температурасы нөлден жоғары болды», - делінген хабарламада.

Алдағы үш күнде көпшілік облыстағы ауа райының қалыптасуына бұрынғысынша ауа ағындары ықпал етеді, олар солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, боран соғуына және көктайғаққа себепші болады. Қазақстанның қалған аумағында қар аралас жаңбыр жауып, оңтүстікте негізінен жаңбыр жауады.

Соңғы жаңалықтар