16:12, 11 Қараша 2019 | GMT +6
Синоптиктер алдағы тәуліктердегі ауа райы туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан аумағындағы суық антициклон ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынның болуына ықпал етеді.
Артынша Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыған циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардан, жауын-шашын, көктайғақ, тұман және температураның көтерілуі күтіледі. Алайда бұл ұзақ уақытқа созылмайды.
Скандинавианың солтүстігінен, Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарына кезекті суық антициклонның енуі күтіледі.