Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері жауын-шашын түскеніне қарамастан ауа райы жылы болған. Ауаның температурасы оңтүстік-шығыста 3-8 градус жылы болса, шығыста ең жоғары температура 14 градусқа жетті, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алайда циклон мен онымен бірге Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанның солтүстік облыстарына атмосфералық ағындардың  келуі бұл өңірде жауын-шашынның түсуіне ықпал етті.

Республика аумағымен шығыс бағытқа жылжыған салқын ағындар өзімен бірге қар, бұрқасын, көктайғақ әкеліп, батыс және солтүстік-батыстан қатты желдің соғуына ықпал етеді.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. 31 қазан мен 1 қараша аралығында тау етегінде жауын-шашын түсіп, Қазақстанның бүкіл аумағында күн қатты суытады. 

Соңғы жаңалықтар